Қарағанды облысының бүкіл мектептеріне жаңа автобустар берілмек

Jenis Qasymbek. Жаңадан іске қосылған QazTehna зауытының конвейерінен шығарылған алғашқы автобустардың бірі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қарағанды қаласының №104 мектебіне берілді.

Әлеуметтік желілерде облыс тұрғындары тарапынан барлық мектептерге осындай автобустарды беру қажеттілігі жайлы айтылды. Мен бұл ұсынысты толықтай қолдаймын.
На изображении может находиться: 2 человека, люди спят, люди сидят, шляпа и часть тела крупным планом
2021 жылдан бастап аймағымызда “Мектеп автобусы” өңірлік бағдарламасы іске асырылатын болады. Ал уақыт өте келе барлық білім ордаларын көліктермен қамтамасыз ету, сондай-ақ ескі көліктерді ауыстыру жұмыстары қолға алынады.
Бұл мәселе әсіресе ауылдық мектептерді қайта ұйымдастыру мен біріктіруге және шалғайдағы елді-мекендерде тұратын балаларды білім ордаларына жеткізу қажеттігіне байланысты өзекті болып отыр.