Премьер-министрдің Қарағандыға іс сапары

Jenis Qasymbek. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында «Спутник V» вакцинасы өндірісінің ашылуына қатысты.

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі. Қазақстанда өндірілген “Спутник V”-мен жаппай вакцинациялау 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер мен құқыққорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингентіне, сондай-ақ созылмалы аурулары бар тәуекел тобына кіретін азаматтарға салынады.
Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі Саран қаласында автобустар, электробустар мен арнайы техниканы шығаратын QazTehna зауытының ашылу рәсіміне қатысты.
Кәсіпорын әлемдегі аса ірі автобус өндіруші Yutong компаниясымен серіктестік негізінде құрылған. Жобаның құны шамамен 23 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар мұнда мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Зауыттың жылдық жобалық қуаты 1200 автобус пен электробус, сондай-ақ 500 бірлік арнайы техниканы құрайды.
Нет описания фото.
Зауытта дәнекерлеу, бояу, құрауыштарды шығару, зерттеу орталығы өндірістік циклдарын, сондай-ақ техниканы сынау және тексеруге арналған тректі іске қосу қарастырылған.
Yutong маркалы автобустар барлық континентте 30-дан астам елде пайдаланылады. Техника қоғамдық тасымалдау саласындағы барлық әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келеді. Автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы пандустармен, орындармен, электронды билет беру және бақылау жүйесімен жабдықталған.
Жаңа жоба Қарағанды облысы экономикасының дамуына және отандық автобустармен қоғамдық көлікті жаңарту және жаңғырту бағдарламасын іске асыруға серпін береді.
Үкімет басшысына Саран қаласындағы индустриялық аймақты одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ «Оңай» электронды билеттендіру жүйесі туралы баяндалды.
Жұмыс сапары аясында Үкімет басшысы ТМД-дағы бірден-бір Caterpillar маркалы арнайы техника сервисінің және ауыр техника компоненттерін қалпына келтірудің толық циклі бар «Борусан Макина Қазақстан» ЖШС-ында болды.